Железин ауданында хостел ашылды

Жуырда аудан орталығына қонаққа келетін жұртшылық үшін жаңа хостел ашылды. Заманауи қонақ үй жеке кәсіпкер Ниязбек Абылқасовтың бастамасымен салынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ниязбек Жұмағалиұлы аудан орталығына қонақ үй қажет болғанын айтады. Сондықтан Железин ауданына келген қонақтар үшін хостел ашуды жоспарлаған. — Аудандық жарыстарға спортшылар көп келеді. Бұдан бөлек, той-томалақтар мен түрлі мерекелерге, іссапармен келетін қонақтар да бар. Олар ауданда бірнеше күнге тұрақтау үшін қонақ үй іздейді. Өйткені көпшілігінің жұмысы бір күннің ішінде аяқтала бермейді. Енді бұл мәселе шешімін тапты деген ойдамын, — дейді кәсіпкер.  Ниязбек Абылқасов жаңа жобасын жеке қаражат есебінен жүзеге асырған. Заманауи нысанда пластикалық терезелер орнатылған. Қажетті жиһаздармен жабдықталған хостелдің іші жарық әрі жылы. Қонақ үй 8 адамға арналған. Бағасы қолжетімді. Бір адам үшін тәулігіне 2500 теңгені құрайды. Сонымен қатар, люкс бөлме де қарастырылған. Мұндай бөлменің құны 5000 теңге тең. Бөлмеде теледидар, тұрғындардың жеке заттарын қоюға арналған жиһаздар орналасқан. Сондай-ақ, хостелде жуыну, кір жуатын және тамақ ішетін орындар бар. pavlodarnews.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *